jasqazaq.kz

Қапшағайда үш балықшы құтқарылды

11 ақпан 2020, 13:21

Қапшағай су қоймасында үш балықшыны диаметрі 300 метр болатын мұз алып кеткен. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Оқиға 11 ақпанда түнде Қапшағай су қоймасының «Көгілдір бұғаз» аймағында болған. Үш балықшыны балық аулау кезінде жағадан алыстау жерге мұз алып кеткен. Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне хабар түскен.

«Оқиға орнына Қапшағай өңірінің құтқару жасағы жіберілді. Балықшыларды құтқару операциясына төрт құтқарушы, бір арнайы техника және бір қайық жұмылдырылды. Балықшыларды таңғы сағат 04:20-да аман алып, жағаға шығарды. Құтқарылғандар медициналық көмектен бас тартты», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, құтқарушылар рәзіңке қайықты мұз үстінде екі шақырым бойы көтеріп, қолайсыз жағдайда 500 метр суда жүзген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия