jasqazaq.kz

Қапшағайда полицейлер соққыға жыққан кафе күзетшілері оқиғаның мән-жайын айтты

16 тамыз 2021, 11:30

Қапшағай қаласында полиция қызметкерлері соққыға жыққан Del Mare кафесінің күзетшілері жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YouTube-тағы Kapshagai Info-арнасында жарияланған видеоға сілтеме жасап.

Еске салайық, халықтың наразылығын тудырған оқиға 2021 жылдың 11 тамызына қараған түні болған. Қапшағайдағы Del Mare ойын-сауық кешенінде бірнеше полиция қызметкері осы мекеменің екі күзетшісін ұрып-соққан. Оқиға сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды.

Күзетшілердің айтуынша, жанжал ойын-сауық кешені қызметкерлері полицейлерге мекеме жабылатыны туралы айтқан соң басталған. Бұл полицицейлерге ұнамаған көрінеді. Олар банкетті жалғастыруды талап еткен. Күзетшілер тағы да мекемеден кетуді сұрағанда, полицейлер оларды сыртқа шығарып, ұра бастаған.

«Del Mare кафесінде күзетші болып жұмыс істеймін. 10 тамызда полиция қызметкерлері демалуға келді. Олар мас болатын, біз жабылып жатқандықтан кетуді сұрадық. Олар бізге дөрекі сөйледіп, далаға шығуымызды сұрады. Шыққан сәтте күтпеген жерден жұдырық жұмсап, төбелес басталып кетті», — деді зардап шеккендердің бірі.

Екінші күзетші серіктесі соққыға жығылғаннан кейін, газ шашқанын айтты.

«Төбелес басталды. Кейін қашып кеттік те күзет бастығын шақырдық. Ол сыртқа шығып, сөйлесіп, жағдайды реттеді. Сол жерде олар автоматтарын шығарды, бәрі видеода бар», — деді екінші күзетші.

Сондай-ақ, кафеде мас күйде төбелес шығарған полиция қызметкерлерінің бірі 2019 жылы Қапшағай қаласындағы Samruk Holl мейрамханасында болған осыған ұқсас оқиғаға қатысқаны белгілі болды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия