jasqazaq.kz

Қапшағайда пәтер ұрылары ұсталды

01 ақпан 2019, 14:28

Қапшағай полицейлері пәтер тонаған қылмыстық топты құрықтады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25-32 жас аралығындағы 4 азаматты құрықтау кезінде қылмыстарын әшкерелейтін айғақтар табылды. Ұсталған күдіктілердің Алматы қаласының тұрғындары екені және бұрындары осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. «Күдіктілер Қапшағай қаласынан шыға берісте ұсталды. Олардың автокөлігінен екі ноутбук және қала тұрғындарынан бұған дейін ұрланған басқа да заттар табылды. Қазіргі уақытта оларға мүлікті ұрлау 6 дерегіне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Оның бесеуі — Қапшағай қаласында, біреуі — Заречное ауылында жасалған. Жоғарыда аталған қылмыстардың барлығы көпқабатты үйлерде есіктердің кілттерін іріктеу арқылы жасалғаны анықталды»,- деп хабарлайды Қапшағай қаласы полиция басшысының орынбасары Азамат Тұрғынбаев. Анықталған фактілер бойынша келтірілген материалдық шығын — 600 мың теңге. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілердің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде