jasqazaq.kz

Қапшағайда казино жұмысшылары аштық жариялады

13 маусым 2018, 21:58

Ақша талап етіп аштық жариялады! Әбден шыдамдары таусылған Қапшағайдағы казино жұмысшылары кешелі бері астан бас тартқан. Тек қара су ішіп, әлсіреген топ сол ойынхана ішінде жатыр. 3 айдың еңбекақысын қолдарына алмай, олар райларынан қайтпақ емес. Тіпті, бүгін арнайы барған шенділер де жұмысшыларды көндіре алмады. Өткен айда жұмысын тоқтатқан казино қожайындары болса, 420 адамның мәселесін былай ысырып, өзара кескілесіп жүр екен.

Бұрын бұл жерде ойынхана қонақтарына мол дастархан жайылатын. Ал, қазір ашынғаннан аштық жариялағандар жатыр.

Әсел Көбенова, казино қызметкері: -Екінші күн болды аштық жариялағанымызға. Қан қысымым түсіп түсіп жатыр, қол аяғымыз дірілдеп жатыр.

Айлығын даулағандардың жалпы саны 420 адам. Бәрі де қожайындары бір -«Алтын алма», «Алма city» казиноларында жұмыс істеген. Өткен айда ойынханалар аяқасты жабылыпты. Сол кезде 3 айлық ақшаларын сұрап, баса-көктеп кірген жұмысшылар әлі де осында жүр. Көк тиын көрмеген соң, олар қарызға белшеден батыпты.

Ақжан Дәулетиярова, казино қызметкері: — Барлықтары пәтерде тұрады. Кредиттері бар. Бала-шағалары бар. Сорақысы сол, ойынхана иелері бұларды қызметке құжатсыз қабылдаған. Сондықтан, құзырлы орынға жүгіне алмайды. Есесіне, шенді-шекпендінің табалдырығын тоздырған. Бұған дейін елеп-ескермеген билік өкілдері бүгін ғана мұнда бас сұқты. Сөйтіп, ас ішпей жатқандарды райынан қайтаруға тырысқан.

Жақсылық Омар, Алматы облысы әкімінің орынбасары: — Мәселенің мән-жайын анықтауымыз керек. Жаңағы екі акционермен жұмыс жүргізіп, сіздердің жалақыларыңызды алуға біз жұмыс істейміз.

Қос қожайынмен кім сөйлессе де қаражат өндіріп алулары екі талай. Өйткені, олар өзара қырқысып жүр екен. Екеуі келісімге келмей, қарыздары қайтарылмақ емес.

Ерлан Қашағанов, казино директоры: -Қожайындар өзара келісімге келе алмай жатқандықтан, мына «Алма city» ғимараты сатылмай жатыр. Сатылғаннан кейін барлық қарызымызды төлейміз. Екеуінің де келісімі керек. Екі қожайынның да. Келісім бермейінше сатылуы мүмкін емес. Ал, жұртқа ақшаларының тез арада берілгені керек. Сондықтан, аштық жариялау шарасын әлі тоқтатқан жоқ.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді