jasqazaq.kz

Қапшағайда білім бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

16 қыркүйек 2021, 10:51

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев жыл басынан бері Алматы облысында екі білім бөлімі басшыcы жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Жыл басынан бері жемқорлық фактісімен анықталғандардың үштен бірі — жергілікті атқарушы органдарға және оларға бағынысты мекемелерге тиесілі. Оның 11-і білім беру саласында екен.

Олардың арасында Қапшағай қаласы білім беру бөлімінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі негізде жеке кәсіпкерлердің есеп шотына олармен қызмет көрсетуге және орта мектептерде жұмыс көлемдерін нақты орындауға шарттар жасаспай, жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам бюджеттік ақша қаражатын заңсыз аударғаны және жүйелі түрде пара алғаны үшін, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Сонымен қатар, Көксу ауданының білім беру бөлімінің басшысы білім беру мекемелеріне 9 дезинфекциялау тоннелін жеткізу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС директорынан 150 000 теңге сомасында пара алғаны үшін, жалпы, 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ж.Жұмабаевтың айтуынша, облыста биыл 8 айда 69 адам жемқорлық фактісі бойынша сотталды, оның ішінде 64 адам 116,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

azattyq-ruhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия