jasqazaq.kz

Қапшағай су қоймасының жағалауында демалуға рұқсат берілді

13 маусым 2020, 12:05

Қапшағай су қоймасына апаратын жолдарда қойылған мобильді постар алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін облыстың бас санитар дәрігерінің карантинді күшейту жөніндегі жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұрын енгізілген шектеулер сол күйінде сақтала беретіні айтылған. Тек туристік нысандардың жұмысына жаңа талаптар қойылды. Осылайша Ақши ауылындағы отбасылық амбулаторияда келген туристерді және ауырған жергілікті халықты ПТР-тестілеуден өткізу үшін көшпелі автозертхана ашу тапсырылған.

Автозертхана барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ қала және аудан, ауыл әкімдері, туристік базалар, демалыс орындары аймаққа кірер тұста дезинфекциялық туннель орнатып, әр рейстен кейін көлік дезинфекциясын ұйымдастыруы тиіс. Жүргізушілерге гигиена үшін тиісті жағдай жасалуы керек. Демалушылардың үйіне қайтқанға дейін нысан аумағынан шығып, дала кезуіне тыйым салынады. Қызметкерлер мен демалушыларда дене қызуы жоқ па, ауырып қалмады ма — соның бәрін күн сайын тексеріп отыру қажет.

Ал 100 адамнан аса турист келетін нысандарда медқызметкер мен изоляторы бар медпункт міндетті түрде болуы тиіс. Одан бөлек, Қапшағай су қоймасы жағалауына, Іле ауданындағы Жетіген ауыл округіне апаратын автожолдағы мобильді постар алынады. Балаларды сауықтыру орталықтары мен мектеп жанындағы лагерьлер әзірге жұмыс істемейді. Бұл қаулы 12 маусымнан бастап күшіне енді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия