jasqazaq.kz

Қапшағай қаласының 4 полиция қызметкері ұсталды

21 желтоқсан 2017, 15:37

Алматы облысындағы Қапшағай қаласының 4 полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ҰҚК Алматы облыстық департаменті және облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірлескен тексеру кезінде қапшағайлық тәртіп сақшыларының есірткі сатумен айналысқан азаматтарды қорғап-қолпаштағаны анықталды. Жедел тексеру нәтижесінде 2017 жылдың 20 желтоқсанында Қапшағай қалалық ІІБ-ң 4 қызметкері ұсталды. Оларға ҚР ҚК 297, 361-баптары бойынша айып тағылып отыр. Сондай-ақ, есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен тағы екі азамат ұсталды. Олардың үстінен ҚР ҚК 297-бабы бойынша іс қозғалды», — деп мәлім етті Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. Іс арнайы прокурорлар өндірісінде. Бұл іс бойынша процессуалды прокурор белгіленді. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбай отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде