jasqazaq.kz

Қаныпезер әке өз баласының басын шауып тастаған (Видео)

01 тамыз 2022, 13:34

Түркістан облысында қаныпезер әке өз баласының басын шауып алған! Қанды қылмысқа барған Сайрам ауданының тұрғынына бүгін сот 15 жыл жаза кесті.

Дәурен Мадалиев, Түркістан облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

— Сотталушы 5 балашағаның әкесі қиын материалдық жағдайына байланысты, бала-шағасын асырай алмай өз өзіне қол жұмсап немесе бала-шағасының біреуін өлтіріп, қалған 4 бала-шағасымен жақсы өмір сүру мақсатта баланың біреуін өлтіруге ниеті болған.

Өз баласын өлтірген әке мұндай қатыгездікке отбасындағы материалдық жағдайдың нашар болғаны үшін барыпты. Ол 5 баланың біреуінен құтылсам қалғанымен бақытты өмір сүрем деп ойлаған. Сондықтан наурыз айында кенже ұлымен тоғайға барған. Қалың ағаш ортасына кірген соң әуелі 5 жасар ұлының басынан ұрып талдырған да, артынша бірнеше мәрте мойнынан шапқан. Ауыр жарақаттан балақай сол жерде жантапсырыпты. Сорақысы сол, 47 жастағы жауыз әке арам пиғылын үйіндегілерге бұрын да айтып жүрген екен. Бірақ, ешкім елемепті. Сотта әйелі асыраушысыз қалатынын айтып, кешірім де сұраған. Бірақ, судья ақыл-есі дұрыс бола тұра қасақана ұлының басын шапқан жауызды 15 жылға соттады.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде