jasqazaq.kz

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 қазақстандық қаза тапты

14 наурыз 2022, 11:18

Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 230 адам қаза тапқан. Бұл туралы ведомство басшысы Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сол оқиғалардың құрбандарына келетін болсақ. Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты. Оның ішінде 19-ы әскери және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Алматыда азаматтардың көбі көз жұмған. Олардың саны – 139″, — деді Асылов.

Әкімшілік ғимараттарға шабуылдағандарға тойтарыс беру кезінде құқықтық тәртіпті қалыпқа келтіру үшін 86 қылмыскердің көзі жойылды.

53 адамның өлімінің мән-жайы әлі аныталуда. Олар қала аумағында әртүрлі жарақаттармен табылды. Оның ішінде 48-і — оқ жарақатымен, екеуі – пышақ жарақатымен, үшеуі – күйік және басқа жарақаттармен.

Қазақстанның басқа жеті өңірінде 63 адам әкімдік, полиция және ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде құқықтық тәртіп күштерімен жойылды.

«Бүгінгі таңда біз кездейсоқ оқ тиген 20 азаматтың көз жұмғаны туралы нақты білеміз. Оның 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда. Олардың арасында айқас оттың астына түскендер, бүлікшілердің қолынан қаза тапқандар, сондай-ақ блок-бекеттерде әскери талаптарға бағынбағандар да бар», — деп мәлімдеді Асылов.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр