jasqazaq.kz

Қаңтарда ұсталған Талдықорған тұрғынын азаптап өлтірді деген күдікпен екі полицей қамалды

25 сәуiр 2022, 17:52

Талдықорған тұрғыны Алмас Мұқашевтің өліміне қатысты құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Алмас Мұқашев қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Марқұмның жақындары тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданылғанын, көптеген дене жарақаты салынып, салдарынан дені сау адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын. «Нақты осы кезеңде, яғни 6-8 қаңтар аралығында азаматтардың қаза болу фактілері тіркелді. Оның барлығы бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұқашевтің өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу ісімен арнайы прокурорлар айналысып жатыр. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды», — деді Е. Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр