jasqazaq.kz

Қаңтарда Алматыда қаза тапқан снайпердің кім екені анықталды

11 сәуiр 2022, 17:03

ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасында Алматыда қаза тапқан снайпердің кім екені айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 қаңтар күні Атырау облысында қылмыскерлер полиция қызметкерлері мен әскерилерге қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы әкімдік ғимаратын қиратты. Полиция қызметкерлерінің көпшілігі ауыр дене жарақаттарын алса да, соңына дейін қаруды қолданған жоқ. Бірнеше рет ауаға атып, адам өміріне қауіп төнген соң полиция қызметкерлері қаруды қолданды. Нәтижесінде бір снайпер қаза болды», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ тәртіпсіздіктер кезінде оқ атқан күдіктілер туралы мәлімет айтты.

«Анайы прокурорлар жүргізілген сот молекулярлық генетикалық сараптама нәтижелерімен Алматы қаласында қаза тапқан снайпердің жеке басы анықталды. Барлығы 4 оқ атушы болды. Қаза тапқанның денесін жақтастары өздерімен бірге алып, қалалық аурухана маңында қалдырып кеткен. Кейін ол қалалық мәйітханада анықталды. Ол «С» есімді азамат болып шықты. «Қайғылы қаңтар» оқиғалары кезінде ол тұрғын үйдің төбесінде орналасып, Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерін көздеп оқ атқан. Қазіргі таңда қалған 3 террористі анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деді Елдос Қилымжанов.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр