jasqazaq.kz

Қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдарының 29 қызметкері күдікті деп танылған

07 қараша 2022, 17:23

Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істер бойынша құқық қорғау органдарының 29 өкілі күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Талдықорған және Алматы қалаларында тергеудің заңсыз әдістерін қолдану дерегі бойынша 8 полиция қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың 29 қызметкері күдікті деп танылды, оның 8-і сотта, 20-сы іс материалдарымен танысу сатысында және біреуі тергеліп жатыр», — деді Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу, билікті және қызметтік өкілетін асыра пайдалану ісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, Бас прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберген.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку