jasqazaq.kz

Қаңтар оқиғасы: 83 адам бас бостандығынан айырылды

18 шiлде 2022, 16:58

Қазақстандағы қаңтар оқиғасын тергеу барысында 83 адам нақты мерзімге сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елдос Қилымжановтың айтуынша, арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздікке және 32 лаңкестік актісіне қатысты 53 қылмыстық істі тергеп жатыр. Еліміздің сегіз аймағында 30 мыңнан аса тергеу әрекеттері жүргізілген. 4 мыңнан аса сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Алматы қаласы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында бұзақылық, мемлекеттік нысандарды өртеу, мүлікті жою және лаңкестік актілер жасалды.

«қазір 349 күдікті қамауда. Олардың қарақшылық шабуылдарға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруын ұрлауға, мемлекеттік нысандар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді қатысқаны сенімді түрде анықталды. Әрбір ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығы туралы ақпарат жеткілікті. Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа барлығы 429 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 545 адам сотталды», — деп қорытындылады арнайы прокурор.

Бас прокуратура мәліметінше, нақты бас бостандығынан айыру жазасы 83 айыпталушыға тағайындалған.

«Олар билік өкілдеріне зорлық-зомбылық жасау, бөтеннің мүлкін жоюға байланысты ауыр қылмыстар жасады, бұдан басқа, залалды өтемеді және өтелмеген соттылығы бар», — деді Қилымжанов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр