jasqazaq.kz

Қаңтар қасіреті: 23 азаматқа азаптау қолданылғаны дәлелденді

09 тамыз 2022, 12:26

Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды азаптау ісіне қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарға азаптауды қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері.

2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Бас прокуратура мәліметінше, азаптауды қолданудың басқа да деректерін тергеу аяқталуға жақын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде