jasqazaq.kz

Қаңтар айында дүкеннен қару ұрлаған алматылық алты жылға бас бостандығынан айырылды

11 шiлде 2022, 14:20

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 33 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушыға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы «Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу» бойынша қаралды. 33 жастағы И есімді сотталушы тергеумен анықталмаған адаммен бірге төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қару-жарақ дүкеніне заңсыз кіріп, құны 204 733 теңге Beretta Perennia III маркалы тегіс ұңғылы қарудың 1 данасын, құны 187 557 теңге ATA ARMS маркалы тегіс ұңғылы қарудың 1 данасын ұрлағаны анықталды. Сотта сотталушы И кінәсін ішінара мойындады. Ол қару-жарақ дүкеніне кірмегенін, дүкеннің жанынан қару тауып, оны ары қарай құқық қорғау органдарына табыстау үшін алғанын айтты.

Алайда, сотталушының кінәсі оның таныстары болған куәгерлердің айғақтарымен расталды. Олар тергеу барысында сотталушы тергеумен анықталмаған адаммен бірге дүкенге кіріп, кейін ұрланған қарумен көлікке отырғанын айтты. Прокурор айыптауды қолдап, соттан 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Екі кәмелетке толмаған баласының болуы, кінәсін ішінара мойындауы және сотталушының жасы жазаны жеңілдеткенімен, төтенше жағдай кезінде қылмыс жасауы оны қиындатты.

«Заң бойныша аталған қылмыс үшін 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот үкімімен сотталушы И алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында атыс қаруын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде