jasqazaq.kz

Қанша оқушы мектептен компьютер алып үлгерді?

27 тамыз 2020, 17:26

Жергілікті атқарушы органдар шамамен 200 мың компьютер сатып алып, оқушыларға берді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министр компьютер жеткізу жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатқанын баса айтты.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға және Азаматтық кодекске сәйкес, бұл компьютерлер мұқтаж отбасыларға уақытша пайдалануға беріледі. Бұл мектептің мүлкі екендігін түсіну қажет. Компьютерлер мектеп үшін сатып алынып, оқу процесі аясында қолдану үшін балаларға беріледі», — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, техника сатып алу үшін жергілікті атқарушы органдар қаржы бөлген. Бұған қоса, республикалық бюджеттен де қосымша қаражат жіберіліп отыр. Компьютерлер ең алдымен көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларына беріледі.

Министр оқушыларға берілген компьютерлер бүлінген жағдайда бұл мәселе «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 72 және 76-баптары аясында шешілетіндігін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, өткен оқу жылының 4-тоқсанында балаларға берілген техниканың ешқайсысы бүлінбеген. Ата-аналар мектеп мүлкіне зор жауапкершілікпен қарап отыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде