jasqazaq.kz

Қанша қазақстандықтың шетелде үйі бар?

28 мамыр 2021, 12:48

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті шетелде алуға әуес. Отандастарымыздың атына тіркелген үй-жай әсіресе, Ресейде көп, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бұл – мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпарат. Қайта биыл біздің азаматтар шет мемлекеттерден үйді аз алған. Былтырға қарағанда, өзге елдерде жылжымайтын мүлікті сатып алу көрсеткіші 12 процентке төмендепті. Бұған пандемия әсер еткен көрінеді.

Қазақстандықтардың кейбірі өз елінде басы бүтін баспанаға зар болып жүргенде, енді бірі шетелде үйлі болып жатыр. Әрине, кім қайда тұрамын десе де өз еркі. Дегенмен бүйірді қысқан пандемия өзге елге өзек байлағысы келетіндердің де қалтасына салмақ салғандай. Сөзіміз сөлді болу үшін айталық, былтыр шетелде жылжымайтын мүлік алу көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 12,5 процентке кеміген. Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Сонымен жерлестеріміз көбіне үйді Ресейде алуға бейіл. 2020 жылы көрші елден 3,5 мың азаматымыз баспана алған. Екінші орында Болгария мемлекеті тұр. Өткен жылы мұнда қазақстандықтардың атына 272 жылжымайтын мүлік тіркелген. Отандастарымыздың иелігінде Түркияда- 216, Испанияда — 187, Біріккен Араб Әмірлігінде 69 үй-жай бар көрінеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде