jasqazaq.kz

Қанша қазақстандық Ресей азаматымен некелесті?

15 қараша 2022, 10:50

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті қазақстандықтардың Ресей азаматтарымен қанша неке қиғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылды», — делінген хабарламада.

Бұл деректер былтырғыдан айтарлықтай ерекшеленбейтіні хабарланды. 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында қазақстандықтар ресейліктермен 494 неке қиған.

Осы кезеңде ең көп неке Алматы — 94 (2021 жыл — 75), Астана — 51 (2021 жыл — 46) және Қарағанды облысында — 45 (2021 жыл — 49) қиылған.

Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23-28 жас.

«Талдау көрсеткендей, соңғы жылы Қазақстан мен Ресей азаматтары арасында тіркелген некелер санының 14 пайызға төмендеуі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 10 айында 2153 неке, 2022 жылдың 10 айында 1851 неке қиылды», – деп толықтырды ведомствода.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр