jasqazaq.kz

Қаңғыбас иттерді өртеген ақтөбелік ветеринарлар жұрттың жағасын ұстатты

12 наурыз 2021, 11:58


Ақтөбеде қаңғыбас иттерді өртеген ветеринарлар жұрттың жағасын ұстатты.  Ит аулаушылар ұсталған үй жануарларын пешке салып жағып жібереді екен.

«Не істеп жатырсыңдар? Ит атуға тыйым салған. Қараңдар, иттердің өлексесін өртеп жатыр. 4-наурыз, 2021 жыл. Паналайтын жерде, міне, иттерді қалай өшіктіріп жатыр», — дейді видеоны түсірген «ЗООмама» қоғамдық бірлестігінің басшысы Рабиға Сисенғалиева. Видеодан қаңғыбас ит пен мысықтан бөлек, асыл тұқымды төбеттерді де пешке жаққаны анық көрінеді. Тіпті қарғыбауымен жатқан үй жануарлары да бар. Бұл орталықта көшеден ауланған жануарлар қожайыны табылғанша ұсталуы тиіс. Алайда олар мақұлықтарды өлтіріп, өртеп отырған, дейді белсенділер. Ал қаладағы ветеринария станциясының өкілдері ит өртейтін орталыққа шаң жуытпай отыр. Айтуларынша, қаңғыбас иттерді осында 20 күнге дейін ұстайды екен. Иесі табылмаса, улап өлтіріп, өлексені өртеп жібереді. «Үш иттің өлексесін біз көшеден әкелдік. Үш итті өз қожайындары арыз жазды. Бізге күнде-күнде түседі арыз. Сол үш ит келісіммен атылды. 20 күннен аса ұстадық. Күшіктер немен ауырып еді? Инфекциялық ауру», — деді Ақтөбе қаласы ветеринария станциясы директорының орынбасары Галий Шагалин.

 

ktk.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия