jasqazaq.kz

«Қанға ұқсайды»: Алматы маңындағы өзен кенет қызыл түске боялды

26 қыркүйек 2020, 16:18

Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы өзен қызыл түске боялды. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

«Қанға өте ұқсас», — деп, видео түсірген халық судың қою қызыл түсіне таңқалған.

Қарасай ауданының әкімдігі мәселені анықтап, өзеннің не себепті қызыл түске боялғанын түсіндірді.

«Қала тұрғынының белгісі бойынша әкімдік қызметкерлері оқиға орнына барды. Жақын маңдағы аумақты және айналаны тексергеннен кейін бұрын мал сойған жеке үй табылды. Олар қалған қанды өзенге құйған. Бұған жол бермеу мақсатында белгіленген үйдің тұрғындарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Қазіргі кезде өзендегі судың сапасы қалыпқа келді», — деп хабарлады әкімдік.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия