jasqazaq.kz

Қандастарға бір өтініш беру құқығы ұсынылмақ

17 ақпан 2020, 11:31

Қандастарымызға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығы ұсынылмақ.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің дерегінше, 1991 жылдан бері 1 миллион 57 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған. 2019 жылы республикаға 9 993 отбасы келді, 597 оралман отбасы қабылдау өңірлерінде қоныс аударды. Азаматтық алу үшін құжаттарды тапсырып үлгермеген 8,2 мың этникалық қазақ өткен жылғы оралман мәртебесін ұзарту бойынша біржолғы акция аясында Қазақстан азаматтығын алды. Сонымен қатар ол қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру, елге келген этникалық қазақтар мен мигранттар үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасы әзірленгенін атап өтті. Құжат Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралып жатыр. «Заң жобасы аясында оралмандарға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығын қарастыру ұсынылады. Оралмандарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін оңтайландыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, шетелдік білікті қызметкерлерді қазақстандық кадрлармен ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді жұмыс берушілерге жүктеу ұсынылады. Рұқсат тек ішкі еңбек нарығында мамандар болмаған жағдайда ғана берілуі тиіс», – деді Біржан Нұрымбетов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия