jasqazaq.kz

Қандастарға арналған «Қазақ картасы» жасалады

14 маусым 2019, 14:20

Шетелдік қазақтардың Қазақстан аумағында ел азаматтарымен бірдей құқыққа ие болуына мүмкіндік беретін «Қазақ картасы» атты құжаттың жобасы дайындалып жатыр.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Отандастар» қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшыларының бірлескен отырысында айтылды. «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаевтың айтуынша, «Қазақ картасы» деп аталатын құжат шетелдік қазақтардың тарихи отанында уақытша өмір сүріп, бейімделуі үшін жасалмақ. «Шет елдердегі қазақтарды қолдауға бағытталған заң қабылданатын болады. Соның аясында «Қазақ картасы» деген құжат жасалуы мүмкін. Ол құжат сырттағы қазақтарға қазақстандықтармен бірдей өмір сүруге мүмкіндік туғызады. Яғни, білім алу, дәрігерге қаралу, бизнеспен айналысу, жұмыс істеу сияқты барлық өмір аспектілерінде Қазақстан азаматтарымен бірдей құқыққа ие болады. Тек саясатпен айналысуға болмайды. Ол үшін азаматтық алуы қажет. «Қазақ картасы» қолында бар қазақ отбасымен біздің елде ешқандай визасыз жүріп-тұра алады», — дейді Нұртай Әбіқаев.

Нұртай Әбіқаев «Қоғамдық қабылдау» жобасы аясында шетелдік қазақтарға арналған бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұрғанын айтты. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталық арқылы 750-ден астам ауызша өтініш түскен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші қон процесін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов «Қазақ картасы» әзірге жоба екенін айтады. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Қазақ картасын» жасау туралы ұсыныс берген болатын. Бұл әлі қарастырылуда. Басқа елдерде осындай жақсы тәжірибелер бар. Соны бізге де пайдалансақ деген ниеттен туындап отыр. Негізгі мақсаты — шетелден Қазақстанға келуге дайын емес қазақтардың бейімделуіне уақыт беру. Әзірге ол уақыттың қанша мерзімге берілетіні нақтыланған жоқ», — дейді министрлік өкілі.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде