jasqazaq.kz

Қандастар жерді қандай мақсатта ала алады?

18 наурыз 2021, 16:28

Қандастар Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана ауыл шаруашылығы жерін жалға ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылдың 6 мамырында жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий енгізілді. Мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мораториймен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға, сондай-ақ шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге шектеу қойылды. Мораторий мерзімі аяқталатындығына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 25 ақпанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешім қабылдады», — деді вице-министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының отырысында. Оның атап өтуінше, Мәжіліске енгізілген жер қатынастары мәселелері бойынша заң жобасында мораторийге дейін шетелдіктер мен шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялар жалға алған ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мерзімі ұзартылмайды. «Алайда, пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қолдана алады. Сондай-ақ қандастар қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер ала алады. Бірақ, ауыл шаруашылығы жерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар», — деді Рүстем Құрманов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия