jasqazaq.kz

«Қандас» мәртебесін алуға үміткерлердің құжаттарында ұлты туралы жалған мәлімет беру фактілері бар

04 наурыз 2021, 10:58

«Қандас» мәртебесін алуға үміткер адамдардың өз құжаттарында ұлты туралы жалған мәлімет беру фактілері бар. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Мәминнің жауабында айтылған.

«Кейбір елдерде (мысалы, Ауғанстан, Иран, Ирак, Пәкістан) берілген паспорттарда және жеке басты куәландыратын басқа құжаттарда азаматтың ұлты көрсетілмейтініне байланысты жеке этникалық қазақтар өздерінің қазақ ұлтына қатыстылығын дәлелдеуде проблемаға тап болады. «Қандас» мәртебесін алуға үміткер адамдардың өз құжаттарында ұлты туралы жалған мәлімет беру фактілері бар», — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, аталған мәселені реттеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға: көші-қон мәселесі бойынша уәкілетті органның жеке басты куәландыратын құжаттарда тиісті жазбалар болмаған жағдайда «қандас» мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына қатыстылығын анықтау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге; республикалық маңызы бар облыстардың, қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жеке басты куәландыратын құжаттарда тиісті жазбалар болмаған жағдайда «қандас» мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына қатыстылығын анықтау туралы шешім қабылдау құзыреттерін көздейтін түзетулерді пысықтауда.

«Үкіметтің заң шығару қызметі аясында тиісті жұмыс жүзеге асырылуда», — деді Асқар Мәмин.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия