jasqazaq.kz

Қандаланы құртатын дәріден тағы 3 адам уланды

02 мамыр 2019, 22:58

Дәрігерлер есінен танып құлаған әйел мен оның 2 баласын жедел ауруханаға жеткізіп, ажалдан аман алып қалған. Ал, қайғылы жағдайға тап бола жаздаған отбасы удың уытын үйдегі егеуқұйрықтары сеспей қатқан соң бір-ақ аңғарған екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Юлия Смирнова, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Түнгі 5-тер шамасында қатты қиналып ояндық. Қанша уақытқа созылғанын білмеймін, әйтеуір есімнен танып қалдым. Өз-өзіме келгенімде ұлымның ессіз жатқанын көрдім. Жүрегі қысылып, деміге берді. Басы айналып, жағдайы ауырлай түсті.

Юлия Смирнованың айтуынша, әуелі үйдегі асыранды екі егеуқұйрық өліпті. Артынша жаны қиналған иті мен екі мысығын таза ауаға шығарып әрең құтқарып қалған. Қазір денсаулығы жақсарған әйел 11 жастағы қызымен бірге ауруханадан шығыпты. Оқиғаның мән-жайын тексерген полицейлер көршісінің базардан сатып алған дәрімен қандаланы өз бетінше улағанын анықтаған. Естеріңізге салсақ, Ақтауда мұндай оқиға бірнеше рет қайталанып отыр. Өткен аптада ғана тәртіп сақшылары 50 адамды уланудан сақтап, қауіпсіз жерге көшірген болатын. Осы уақытқа дейін аймақта қандаланы улаудың кесірінен 5 адам қаза тапса, оның 4-і бала. Ал, соңғы төтенше жағдайдан зардап шеккен 3 адамның бірі әлі аруханада жатыр.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бапсөз хатшысы:

— 2007 жылы дүниеге келген бала химиялық улану диагнозы бойынша облыстық балалар ауруханасына түсті. Қазір ол соматикалық бөлімшеде жатыр. Жағдайы тұрақты әрі дәрігерлердің бақылауына алынған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде