jasqazaq.kz

Қандай айыппұлдар кешіріледі?

11 ақпан 2021, 12:44

13 ақпанда көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа заң күшіне енеді. Ол заң жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатын өзімен бірге алып жүрмеуіне рұқсат береді.

Нұр-Сұлтан полициясы түсіндіргендей, заңға сәйкес, бұған дейін жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын көрсете алмағаны үшін айыппұлмен жазаланғандар сол айыппұлды әлі төлемеген болса, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Алайда бұл түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірмен, өзге мемлекеттің жүргізуші куәлігімен Қазақстанда жүрген тұлғаларға еш жеңілдік бермейді. Олар жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігін көрсетуге міндетті.

Сонымен қатар, полицейлер жүргізушінің аты-жөні сақтандыру полисінде болуы тиіс екенін ескертті.

Тексеру кезінде жүргізуші сақтандыру полисінде болмаса, ол Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 230 бабы 2 бөлігімен жауапқа тартылады (10 АЕК айыппұл, 29 170 теңге), ал автокөлік 797 бапқа сәйкес, айып тұрағына қойылады. Жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігін көрсету талап етілмейтін жағдайда сақтандыру полисіндегі жазба көлік жүргізу құқығын растайтын жалғыз дәйек болып қалды, — деді ПД өкілдері.
Жаңа заң бойынша, жүргізуші куәлігін көрсетпеу үшін жеке бас куәлігі болуы шарт.

Ондай құжатқа мыналар жатады:

— төлқұжат, оның ішінде қызметтік, шетелдік және дипломатиялық;

— жеке куәлік;

— шетелдіктің тұру ықтиярхаты;

— қайту туралы куәлік, жол жүру құжаты, азаматтығы жоқ тұлғаның, босқын, теңізшінің куәлігі;

— туу туралы куәлік;

Бұл жерде туу туралы куәлік жеке куәлік пен төлқұжат алғанға дейін азаматтың жеке басын растайтын куәлік деп танылады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия