jasqazaq.kz

Қанатбек Сафинов: Қабылданатын заңдарға түзету мен өзгеріс енгізу – заңнамамыздың тұрақсыздығынан

18 ақпан 2021, 11:40

Қабылданатын заңдардың шамамен жартысына түзетулер мен өзгерістер енгізу – бұл заңнамамыздың тұрақсыздығының көрсеткіші. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Қанатбек Сафинов айтты.

«Парламент алдындағы аса маңызды екі міндет – сапалы заң қабылдау және қоғамның өзекті мәселелерін шешу. Мұны Президент айқындады. Қандай заңды сапалы деп атауға болады? Бұл — бір жағынан әлеуметтік қажеттіліктерге тиімді жауап беретін, ал екінші жағынан дұрыс дайындалған және ресімделген заң. Заң жобасын әзірлеушілер әлеуметтік бағыт және олардың тиімділігі мәселелерін елемей, заңды ресімдеу мен дайындаудың формальды-құқықтық жағына басты назар аударды», — деді ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында.

Оның айтуынша, құқық қолдану практикасын талдау тұрақсыз заңдардың көп саны, көптеген өзгерістер мен толықтырулар, дайындалатын заң жобаларының көпшілігінің қабылданатын нормаларының нақты болжамдарының болмауы сияқты проблемаларды көрсетеді. Мұның бәрі қарама-қайшылықтарға, құқықтық қателіктерге, сот дауларына әкеледі.

«Сенат өткен жылы 110 заң жобасын қарап, қабылдады. Бірақ бесінші және алтыншы сессиялар ішінде 18 заң жобасы қайтарылды. Жалпы Қазақстан Республикасында 2,5 мыңнан астам заң қабылданды. Олардың 301-і дербес, 90 пайызы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар және ратификацияланған халықаралық шарттар. Тек қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің саны 51 мыңнан астам. Заңдар мен заңға тәуелді актілердің көптігі – барлық қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің көрсеткіші және көбінесе мемлекеттік органдар үшін жаңа функциялар құруға және олардың аппаратын үлкеюіне әкеледі. Бұл мемлекеттік қызметкерлер үшін де, кәсіпкерлер үшін де кең шектеулер мен тыйымдарға әкеп соғады», — деді сенатор.

Қанатбек Сафиновтың атап өтуінше, қабылданатын заңдардың шамамен жартысына түзетулер мен өзгерістер енгізу – бұл заңнамамыздың тұрақсыздығының көрсеткіші.

«Өзгеріс енгізілмеген заң қалмады. Мен заң жобасында осы заңдардың көптігін және олардың тұрақты өзгерістерін тоқтатуға бағытталған тиімді тосқауыл таппадым! Алайда заңнамалық техникада мұндай құралдар мен әдістер белгілі»,- деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия