
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қанат Құлшыманов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы болды.
Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы (04.2022-02.2023); Үкіметтің баспасөз қызметінің басшысы (02.2023-03.2024); Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (03.2024-11.03.2025); 2025 жылғы 11 наурыздан бүгінге дейін Президент Әкімшілігі коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды.
JQ-Aqparat
Сурет: gov.kz