jasqazaq.kz

Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды (видео)

14 мамыр 2018, 11:18

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтасады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. Ал қай қалада және қай аренада болатыны әзірге белгісіз. 35 жастағы жапон боксшысы өткен жылдың тамыз айында пуэрто-рикалық боксшы Мигель Коттомен жұдырықтасқан. Төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберген. Карсонда өткен бұл кездесуде WBO тұжырымы бойынша чемпиондық бос белбеуге таласқан еді.

https://youtu.be/FysMw9irgtU

Йошихиро Камегаи кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізген. 27 рет жеңіске жеткен. 24 қарсыласын нокаутпен ұтқан. 4 рет жеңіліп, 2 рет қарсыласымен тең түскен. Айта кетейік, Қанат Ислам ақпан айында танымал менеджер Эгис Климаспен келісімге келіп, АҚШ-тағы жаттығуын бастаған еді. Қанат 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 жылы) және әлем чемпионатының (2007 жылы) қола жүлдегері атанды. Қазақ боксшысы соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді