jasqazaq.kz

Қанат Ислам жекпе-жегін кейінге шегерді

08 қазан 2020, 14:54

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін кейінге шегерді, — деп хабарлайды Vesti.kz мәлімет көзіне сілтеме жасап.

Қанаттың бастапқыдағы қарсыласы 23 жастағы Гонсало Кория (16-3, 6 КО) болатын, алайда онымен өзге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) жұдырықтасатын болды.

Одан кейін қазақ боксшы «Пантера» лақап атты 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) кездесу өткізуң керек еді, бірақ, боксшының визамен қиындықтары туындаған.

Қазақстандық боксшы болса қазір АҚШ-та жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр.

BoxRec мәліметінше, Ислам 16 қазан Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде жекпе-жекке шығуы керек болған.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы рингке бір жылдай уақыт шыққан жоқ. 2019 жылдың 26 қазаны Алматыда өткен WBO International титулы үшін кейінгі жекпе-жегінде ол намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде