jasqazaq.kz

Қанат Ислам WBA титулы үшін басты үміткер атанды

25 қазан 2017, 18:25


Аргентиналық BoxeodeCampeones.com порталының журналисі Хави Толедо келесі жылы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) аргентиналық Брайн Кастаньомен (14-0, 10 KO) жұдырықтасуы мүмкін екендігін жазды. tengrinews.kz хабарлауы бойынша.

«Эрисланди Лара мен Деметриус Андраде орта дивизионға өтіп жатыр. Меніңше, бұл Брайан Кастаньо үшін вакантты жүлдені иелену үшін жақсы үміт. WBA рейтингінде ол көш бастап тұр. Оның артында Қанат Ислам тұр. Сөзсіз олар 2018 жылы кездесуі мүмкін. Менің ойымша, Ислам оған негізгі қарсылас болып тұр. Ол мықты әрі техникалық тұрғыдан өте керемет өнер көрсетіп жүр, сонымен қатар ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Оның тәжірибесі мол, сол себепті де қауіпті қарсылас.

Менің пайымдауымша, бұл жағдай көптеген боксшылар үшін жақсы мүмкіндік. Кастаньоның басты қарсыластары: Қанат Ислам, америкалық Джон Вера және ресейлік Хусейн Байсангуров», — деді Толедо.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір аргентиналық тілші Армандо Мендоза алдағы уақытта Қанат Ислам мен Брайн Кастаньо кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын. 28 жастағы Кастаньо WBA рейтингінде Қанат Исламнан бір саты жоғары орналасқан. Бірақ басқа барлык рейтингте қазақстандық боксшыдан төмен тұр.Соңғы кездесуін ол 1 шілде күні Аргентинада өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша франциялық Мишель Сороны (30-2-1, 20 KO) жеңді.

Қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы суперчемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға (24-2-2, 14 KO) тиесілі. Ал WBA белбеуі америкалық Деметриус Андрадеге (24-0, 16 KO) тесілі еді. Бірақ ол белбеуін бас тартып, орта салмаққы өтті. Ал Лара болса алдағы уақытта орта салмаққа ауысуды ойластырып жүр.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде