jasqazaq.kz

Қанат Ислам қазақтың атын шығаратын боксшыларды атады

31 қантар 2019, 17:29

Кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz порталына берген сұхбатында артынан ерген қазақстандық боксшылар жайлы пікір білдірді.

WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері кәсіпқой бокстағы қазақстандық бірнеше спортшыны ерекше атап өтті. «Жақсы боксшылар көп, жақында Садриддиннің жеңісіне куә болдық. Бастапқыда-ақ Олимпиадаға қатысатын болса, Қазақстан қоржынына жүлде салатын осы екі жігіт — Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы деп ойлаймын. Бұрын да солай ойлайтынмын, өйткені спаррингке тұрып көргенмін. Әлеуетін жақсы білемін. Бұйырса олар әлі үлкен биіктерге жетіп, әлемді шулатады деген ойдамын», — дейді боксшы. Сонымен қатар, Қанат Ислам АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген тағы екі спортшы жайлы пікір білдірді. «Сосын тағы екі жігітіміз бар — Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов. Мықты болмаса, кем емес», — деп атап өтті қазақстандық кәсіпқой. Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде