
Бүгін Алматыдағы «Арбат» алаңында Қанат Исламның кәсіпқой бокс кеші қарсаңында баспасөз мәслихаты және жарысқа қатысушы боксшылардың салмақ өлшеу мен көз түйістіру рәсімі өтті.
Баспасөз мәслихатына «Qazaq Promotions» компаниясының бас директоры Дархан Мұқтарбек, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам, Қанат Исламның менеджері Нельсон Лопес, кәсіпқой боксшы Уолтер Каутондоква.
Уолтер Каутондокваның жеке бапкері Дзожеф Ангинди, Уолтер Каутондокваның менеджері Нестер Тобиас қатысып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Айта кетер жайт, қазанның 26-ы күні Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында болады. Кештің басты жекпе-жегі Қанат Ислам Уолтер Каутондоква арасында өтеді. Бұл кеште 9 жекпе-жек өткізіледі. Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады.
Бүгінгі күні, Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 9-шы орында тұр. Бокс кешінде еліміздің былғары қолғап шеберлері АҚШ, Қытай, Еуропа елдерінен келетін атақты боксшылармен күш сынасады.
Аталған спорттық шараны Қазақстандағы алғашқы QP TV стримингтік платформа 150 мемлекетке тікелей эфир таратады.
Мақпал Ноғайбаева
Фото Ғалия Қалиева