jasqazaq.kz

Қанат Ислам айқас алдында салмақ өлшеді

20 ақпан 2021, 12:55

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Sports.kz агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақтың» қарсыласы эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) болмақ.

Орта салмақтағы айқас он раундқа жоспарланған.

Екі боксшы да орта салмақтағы лимитті (72,6 кг немесе160 фунтов) орындады.

Таразыда Қанат Ислам 72,6 кг салмақ көрсетсе, оның қарсыласы – 72,1 кг.

Бұған дейін хабарланғандай, бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған.

Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшы жекпе-жекке қатыспайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия