jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев: Тазалық бар жерде береке бар

02 сәуiр 2022, 15:23

Бүгін Алматы облысында сенбілік өтуде. Тазалық шарасында 50 мыңдай азамат белсене ат салысуда. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Талдықорған қаласында өткен сенбілікке қатысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев:

«Бұл сенбілік Ораза айының алғашқы күнімен тұспа тұс келіп отыр. Бар мұсылман Ораза айын сағынышпен күтеді. Ораза — жан тазалығына бастаушы ай. Қабыл болсын!
Біздің бүгін сенбілікке шығып, ауламызды, көшемізді, қаламызды тазартуымыз да сауапты іс.
Соңғы екі жылда пандемиядан осындай сенбілікке шыға алмадық. Бүгін сол игі дәстүрді қайта жаңғыртып, белсенділердің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылуда. Тұрғындар өз қалауымен тазалық жұмыстарына ат салысып, береке-бірлігін көрсетіп жатыр», — деді Қанат Бозымбаев.

Тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру шараларына облыстағы барлық мекеме, ұйымдар, коммуналдық қызмет салалары белсене қатысып жатыр. Атап айтқанда, облыс бойынша 50 мыңдай азамат 4 мыңдай көшені, 18 мыңдай алаңқайды қоқыстан тазартуда. Сол сияқты аймақтағы 200-дей саябақты, 950 шақырым арықты қоқыстан арылтып, 14 мыңдай көшет егу жоспарланған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде