jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

18 желтоқсан 2019, 12:48

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. 1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі. 1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл« ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті. 1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы. 2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы. 2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 2016 жылдан бері ҚР Энергетика министрі қызметін атқарып келді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық