jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесті

15 наурыз 2022, 11:05

Бүгін Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу үш сағатқа жуық уақытқа созылып, жиырма тоғыз тұрғын елуге жуық сұрақ қойды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиында облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы жоспарларға тоқталып, арнайы баяндамасында Панфилов ауданының өзекті мәселелерін шешу туралы жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді. Мәселен, 4 мыңнан астам тұрғыны бар Шолақай ауылының ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту, жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың санын азайту мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді салуды қолға алу, Сүптай ауылында жаңа мектеп пен Үлкеншыған, Шолақай ауылдарында ауылдық мәдениет үйлерін салуға қаржы бөлу мәселесі көтерілді. Ауыл жолдарын жөндеуге де қаражат қарастырылады. Мысалы, 8 елді мекенді және Жаркент қаласын қамти отырып, 31,9 км кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланған.

Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде өткен жылы 27,5 млрд. теңге бағытталса, Панфилов ауданында 819 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

Осы жылға 5,7 млрд. теңгеге 11 спорт нысанының құрылысы жоспарланған, оның ішінде 1,1 млрд. теңгеге Үлкеншыған және Пенжім ауылдарында 190 орындық 2 спорт кешені бар.

Кездесуде қойылған сауалдардың басым бөлігі елді мекендерді абаттандыру, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру және суармалы су тарифін реттеу, электр энергиясын үздіксіз беру, өңдеу кәсіпорындарын ашу, әлеуметтік нысандарды жөндеу мен салу, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар жетіспеушілігі, жем-шөп дайындау ісіне мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде болды.

Облыс және аудан әкімдігінің ресми парақшаларында кездесуден тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Сұрақ жолдағысы келген азаматтар әлеуметтік желідегі көрсетілімнің астына комментарий немесе хабарлама түрінде де сауалдарын қойды.

Кездесу соңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев жеке азаматтар үшін қабылдау өткізді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде