jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

06 наурыз 2018, 11:57

ҚР Үкіметінің отырысынан кейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Ғани Сәдібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлады.

«Біздің министрліктің вице-министрі және департамент директоры қамауға алынды. Бұл біздің министрлік үшін, ұжым үшін өте ауыр соққы болды. Бірақ, осы кезеңде әрбір сұрақты тиісті құқық қорғау органдарына, тиісті адвокаттарға жолдау керек. Өйткені, қазіргі таңда біздің министрлікте ешқандай материал жоқ. Сондықтан біз мәлімет бере алмаймыз», — деді Қанат Бозымбаев. Еске сала кетейік, ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырды деген айыппен ұсталды. Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты күдікті — Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновке қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде