jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев: Мұнай өнімдерін шетке шығаруға тыйым саламыз

11 желтоқсан 2018, 11:29

Қазақстанмен салыстырғанда көрші мемлекеттерде бензин мен дизельдің отыны қымбат. Соның салдарынан шекаралас аймақтарда алыпсатарлар отандық мұнай өнімдерін көптеп тасымалдап жүр. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бүгінде АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы 154,8 теңгені құрайды. Ал, Ресейде аталған өнім — 230,5 теңге, Өзбекстанда — 273 теңге, Қырғызстанда 234 теңге тұрады. Сол сияқты бізде дизельді отынның бір литрі орта есеппен 193,2 теңгені құраса, Өзбекстанда 208 теңге, Ресейде — 246,5 теңге, Қырғызстанда — 250,8 теңгеге дейін барады. «Қазақстанда жанармай бағасын көтермеу үшін, сондай-ақ дизель отыны тапшылығы қаупін азайту мақсатында Министрлікпен Еуразиялық экономикалық Одағының нормаларына қайшы келмейтін қолданыстағы заңнама негізінде Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салу үшін шаралар әзірленуде», — деді Қ.Бозымбаев. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде отандық нарықта мұнай өнімдері бойынша жағдай тұрақты. Жанар-жағармайдың тапшылығы жоқ. «10 желтоқсандағы жағдай бойынша АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литрі үшін 154,8 теңге, ал дизель отыны литрі үшін 193,2 теңгені құрайды. Сонымен қатар, еліміздегі мұнай базаларында жанар-жағармайдың қоры ішкі нарықтың қажеттілігіне жеткілікті. Аи-92 бензині бойынша — 267,5 мың тонна (30 күнге) және дизель отыны — 143,2 мың тонна (11 күнге)», — деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді