jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев: Елімізге төртінші мұнай өңдеу зауыты керек емес

05 желтоқсан 2017, 13:17

Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумының кулуарында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қазіргі таңда елімізге төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет еместігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазіргі таңда елімізге төртінші мұнай өңдеу зауытын салу қажет емес. Үш мұнай өңдеу зауытын жаңарту жұмыстары бітейін деп жатыр. Атырау мен Павлодардағы аталған зауыттар биыл жұмысты бітірулері керек. «ҚазМұнайГаз» компаниясы келесі жылы «Шымкент» мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізеді. Демек алдағы 5-6 жылдың ішінде елімізді 100 пайыз бензин, дизель отыны, авиакеросинмен қамтамасыз ете аламыз», — деді министр журналистерге.

Сонымен қатар, ведомство басшысы алдағы уақытта жанар-жағармайға сұраныс артса, еліміздегі мұнай өңдеу зауытының бірін кеңейту қажеттігін де айтып қалды.

«Ал 2024-2025 жылдары бір зауытты (мұнай өңдеу зауыты — автор) екі есе үлкейту керек. Өйткені, сұраныс артады немесе төртінші зауытты (мұнай өңдеу зауыты — автор) салуға мәжбүр боламыз», — деп түйіндеді сөзін Қанат Бозымбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде