jasqazaq.kz

Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

29 шiлде 2021, 16:31

Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарында +91 келіде жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz.

+91 келі салмақта мысырлық боксшы Юсри Резк Мұстафа Хафезді айқын басымдықпен ұтқан Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз қарсыласынан үш раундта да басым болды. Әсіресе қазақстандық боксшының сол қолмен ұрған соққылары қарсыласына ауыр тиіп жатты.

Төрешілердің бәрі бірауыздан Қамшыбек Қоңқабаевты жекпе-жектің жеңімпазы ретінде таныды.

Еске салсақ, бүгін шаршы алаңға шыққан 75 келідге Әбілхан Аманқұл да өзбекстандық қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берген. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия