jasqazaq.kz

Қамауға алынған генерал-майордың кім екені белгілі болды

04 ақпан 2020, 16:51

Қазақстан қорғаныс министрлігі кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Көпбаев үйқамақта отыр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі растады.

«2020 жылдың 31 қаңтарында Қ.Р.Көпбаевқа қатысты 28 наурызға дейін үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды», — деп мәлімдеді соттан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, департамент басшысына қол астындағы қызметкерлерден жалпы қамқорлығы және қызмет бабымен көтергені үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алған деген айып тағылды.

«Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді», — деп мәлімдеді агенттіктен.

Жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майордың аты-жөнін атамаған еді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия