jasqazaq.kz

Қамауға алынған бас дәрігер бостандыққа шықты

25 қыркүйек 2019, 18:33

Алматыдағы № 4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев қолхатпен бостандыққа шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Бұл туралы оның адвокаты Қайрат Байбазаров мәлімдеді. 2019 жылы 22 қыркүйекте Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қанат Тезекбаевты екі айға қамауға алуды санкциялаған. 25 қыркүйекте адвокат сот шешіміне шағымданып, қаулы күшін жойған. «Қанат Тезекбаев аппеляцияны қарауға қатысқан жоқ. Оны жақын арада тергеу изоляторынан шығарады», — деді Байбазаров. Мұның алдында № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев тұтқындалған. Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталған Қанат Тезекбаевқа қолдау көрсетіп жатыр. Дәрігердің жары кейін президентке ашық хат жолдаған. Дина Тезекбаеваның мәліметі бойынша, 2019 жылы шілдеде Нұрсұлтан Көдебаев жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізілген. Артынша оны №4 ауруханаға ауыстырып, ота жасаған. Кейін Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық