jasqazaq.kz

Қалыпты өмірге оралу үшін қанша адам вакцина салдыру керек?

01 ақпан 2021, 12:30

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов локдаунсыз өмірге оралу үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет екенін түсіндірді.

Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Тілшілер бас санитардан вакциналаудың қандай оң әсері болатынын сұрады.

«Егер халықтың кем дегенде 50%-ы вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады», — деп жауап берді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Е. Қиясов жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.

«Жалпы, егу жұмыстары үшін 10 миллион азаматқа дейін есептелген сандарды алдық. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Барлығын вакцина алуға шақыруға тырысамыз», — дейді Е. Қиясов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде