jasqazaq.kz

Қалыңдық үшін атысты

15 қараша 2017, 16:12
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары арасындағы атыс ісі бойынша сот отырысы өтті, — деп хабарлады Tengrinews.kz . Шу аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалыңдықты алып қашқан жігіт қарсыласын тапаншамен атқан.

Іс материалы бойынша, шілдеде Жаңа жол ауылының тұрғыны «Лада-Приора» көлігіне травматикалық тапанша салып, ауыл ішінде жүрген. «Жолда Ф. есімді азамат А.М. және А.А. есімді ағайындарды кездестіреді. Жігіттер арасында жанжал туады. Бұған себеп А.А. есімді азаматтың құда түскен қызының Ф. есімді азаматпен қашып кетіп, соған тұрмысқа шығуы болған», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Осыдан кейін жігіттер кездесетін орын белгілеп, кездесу арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде Ф. есімді азамат травматикалық қарудан оқ атып, қарсыласын жеңіл жаралаған. Ал ағайынды жігіттермен еріп келген А.Р. есімді ер адам 16 калибрлі аңшы мылтығынан Ф. есімді жігітті атқан. Салдарынан ол бытыра оқтан көптеген жеңіл жарақат алған. Сот отырысы кезінде Ф. өз кінәсін толық мойындады, ал А.Р. есімді күдіктіге қатысты іс бөлек қаралады. Сот шешімі бойынша, Ф. есімді азамат ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-тарауы және 293-баптың 3-тарауы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті