jasqazaq.kz

Қалыңдық өз тойынан қашып кетті (Видео)

09 тамыз 2021, 16:46

Өткен демалыс күндері Павлодарда облыстық бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын бұзудың 11 фактісі анықталды.

6 тамызда сағат 20:00 -де Хайдаров көшесіндегі тойханада мониторингтік топ 30 шақты қонақ қатысқан үйлену тойының үстінен түсті. Тексерушілер келіп қалғанын көріп, жауапкершіліктен және үлкен айыппұлдан қонақтар ғана емес, күйеу бала мен қалыңдық та қорқып, қаша жөнелді. Ақ көйлектің етегін көтерген қалыңдық артына қарамастан ізін суытуға тырысты, деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Бірақ, полициядағылар атап өткендей, қашу әрекеті сәтсіз аяқталды, барлық тәртіп бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, әрқайсысының жеке басы анықталды.

Бұл факт бойынша барлық материалдар жинақталып, ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Бұл бапқа сәйкес, үйлену тойының әрбір қатысушысы 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, сонымен қатар мекеме иесіне 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, — дейді Павлодар қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі бір айлық есептік көрсеткіш көлемі 2917 теңгеге тең.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия