jasqazaq.kz

«Қалың малы 10 млн теңге»: Мәдина Оспан арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қызын қолдады

16 ақпан 2022, 13:42

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы ақпарат көптеп тарауда. Бұрымдылардың бірі афроамерикалықтың, енді бірі француздың, енді бірі арабтың етегінен ұстауда. Актриса Мәдина Оспан бақытын өзге елден тапқан қыздарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Арабқа қазақ қызы тұрмысқа шығып жатыр деген видео маған көп келіп жатыр. Шықсын, не болыпты? Мен қарсы емеспін.

Қазақтың жігіттері әйелдерін ұрмай ма? Ажыраспай ма? 5 балаларымен қаңғытып жібермей ме? Жасайды ғой. «Абьюзерлар» жетеді бізде. Біздің қазақтар мінсіз болып, басқа ұлтқа шығып жатса, сіздердің наразы болып жатқандарыңызды мен түсінер едім», — деп пікір білдірді актриса.

Айта кетейік, Instagram-да араб жігітіне тұрмысқа шыққан қыздың видеосы тарады. Онда араб азаматы қалың мал ретінде қыздың анасына 10 миллион теңге табыстаған. Видеоны бөліскен блогерлердің бірі Дәулет Мұқаевтың (dauletten) айтуынша, оқиға Түркістан облысының Кентау қаласында болған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық