jasqazaq.kz

Қалта ұрлығын кәсіп еткен екі бойжеткен ұсталды

18 ақпан 2021, 14:06

Петропавлдың тәртіп сақшылары жұрттың қалтасындағы ақшасын ұрлаған Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынын ұстады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, желтоқсан айында Петропавлдағы сауда нысандарының аумағында бірден екі қалта ұрлығы жасалған. Белгісіз біреулер сатып алушыларды «шеберлікпен» тонап, әйелдердің 15 мың және 50 мың теңгесін, құжаттары мен банк картасын алып кеткен. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша енгізілді. Полицейлер жедел тергеу барысында екі қалта ұрлығына қатысты күдіктілерді анықтады. 21 және 25 жастағы екі бойжеткен қаланы аралап, жұрттың қалтасын қағуды кәсіп еткен екен. Екеуі де осындай қылмыс үшін бұған дейін сотталған. Петропавл полицейлері астанаға келіп, екі күдіктіні ұстады. «Екеуі де келтірілген шығынның орнын толтыруға әзір және айтуынша, істеген істеріне өкінеді. Соңғы кезде қалта ұрлығы ұмытылып барады. Оған бейнекамераларды көбейту себеп. Сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар да нәтижесін беріп жатыр. Былтыр 12 қалта ұрлығы тіркелген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 33 %-ға төмен», — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия