jasqazaq.kz

Қалмұханбет Қасымов: Денис Тен өлімі туралы тергеу аяқталуға жақын

25 қыркүйек 2018, 14:43

Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары аяқталуға жақын.

 ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
«Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеуді аяқтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Іс жүзінде барлық сараптама қорытындылары шыққан. Бүгінде таныстыру процедурасы мен қылмыстық істі аяқтау шаралары жүргізілуде», — деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Сонымен қатар, Қалмұханбет Қасымов тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілетінін атап өтті. Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға 19 шілде күні Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында болған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді