jasqazaq.kz

«Қалаулымнан» тағы шу шықты

14 мамыр 2018, 14:37

Өмірлік серігін жолықтыруды армандап, отау құрғысы келетін жандарды таныстыруды мақсат тұтқан “Қалаулым” бағдарламасында түрлі жағдайлар болып жататыны белгілі. Бағдарламаны қолдайтында да, қарсы сын айтушылар да аз емес, деп хабарлайды stan.kz.

Бүгінгі тікелей эфир кезінде де бағдарлама шытырман отбасылы оқиғаға ұласып кетті.

Бағдарламаның Индира есімді кезекті кейіпкеріне жүрегін ұсынып, жақын танысуда мақсат етіп келген ер адамның ұлы тікелей эфирде хабарласты. Ол бағдарлама кезінде әкесіне өкпе-назын айтты.

“Әкеміздің “Қалаулынан” жар іздеп жүргенін көрдік. Бұл бізге оңай тиген жоқ. Мені, анамды ойламаса да, бес қызын, кәмелетке толмаған екі қызын ойламады ма? Кіші қарындасым тіпті өзіне қол салмақ болыпты. Ел алдына шығып, әйел іздеп жүрген жақсы болды ма?”, деп сұрады ұлы тікелей эфир кезінде.

Алайда әкесі ұлы мен отбасына деген өз ренішін айтты.

“Мені шеберханада жатқаныма 7 жыл болды. Мені ойладыңдар ма сол кезде? Не таңғы не түскі тамаққа шақыруды білмейтін едіңдер, өздеріңнің қарындарың тоқ болса болды. Мені ойладыңдар ма? Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без деген. Тұтқаны қой, тағы бірдеңе айтып бүлдіресің”, – деді әкесі.

“Ондай жағдайға өзің жеткіздің” деген ұлы сөз соңында әкесіне бақыт тілеп қоштасты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде